Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті белсенді бастады, бірақ Винченцо Гуальтиери сақтық тактикасын ұстанып, қарсы шабуылға шығуға тырысты.
Үшінші раундта Әлімханұлы шабуылды үдете түсті, ал төртінші раундта қазақстандықтың бір соққысынан кейін Гуальтиери құлап қала жаздады, бірақ қарсы шабуылға шығуға да ерік-жігері жетті.
Әлімханұлы жекпе-жектің бесінші "сериясында" оң жақ тік және сол жақ апперкоттан тамаша комбинация жасады.
Алтыншы раундта Жәнібек қарсыласының тас-талқанын шығарды, ал төреші жекпе-жекті тоқтатып, файтеріміздің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.
Осылайша, Әлімханұлы Қазақстанның бокс тарихындағы біріккен жекпе-жектен кейін екі чемпиондық белбеудің иегері атанған екінші боксшы болып отыр. Жәнібектің еншісінде 15 жеңіс бар, ол оның 10-ын нокаутпен жеңген.
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы төрт белбеуді де жинағысы келетінін мәлімдеді.