Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 11:33 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Теренс Кроуфорд (42 жеңіс, 0 жеңіліс, 31 нокаут) Сауль Альваресті (63 жеңіс, 3 жеңіліс, 3 тең) жеңіп, екінші орта салмақтағы жаңа абсолютті әлем чемпионы атанды.

Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 11:33

Сурет: x/qazaqstyle

Соңғы рет қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы сәуір айында Астанада өткен турнирде Ануэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген болатын. Енді ол жаңа қарсыласына ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастады.

"Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке шығуға келіссе, мен қуана-қуана қарсы тұрар едім. Бұл кездесу әр жанкүйер асыға күтетін, бір секундын да жіберіп алғысы келмейтін тартысты жекпе-жек болар еді", – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде (X).

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының әлемдегі үздік 20 боксшының бірі атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: