Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 20 боксшының бірі атанды

Жәнібек Әлімханұлы, әлемнің үздік 20 боксшысы, рейтинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2025 13:11 Сурет: X/Janibek Alimhanuly
Boxingscene.com порталы түзген әлемнің үздік 20 боксшысының тізімінде жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Boxingscene.com порталының тілшісі Стивен Эдвардс әлемнің ең мықты 20 боксшысының тізімін жасады. Бұл тізім боксшының басты жетістіктері, техникалық мүмкіндіктері, рингтегі басымдықтары сынды ең мықты қабілеттері бойынша түзілген.

Рейтингте WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 20-орынға орныққан. Ал көшті америкалық Теренс Кроуфорд бастап тұр. Сондай-ақ үздік бестікке Александр Усик (Украина), Наоя Иноуэ (Жапония), сондай-ақ ресейлік Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев те енеді. 

Атақты мексикалық Сауль "Канело" Альварес сегізінші орынға жайғасыпты.

Бұған дейін "Интер Майами" өз алаңында "Нью-Йорк Ред Буллзды" 4-1 есебімен жеңгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: