Жаңалықтар тізбегі
0

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан халқына үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға үндеу жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 15:19 Сурет: Instagram/janibek_qazaqstyle
Әлем чемпионы атағын қорғаған қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы отанына оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2022 жылдың 20 қарашасында Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде хабарлады.

Абыроймен, чемпиондық титулмен елге қайттық! Команда демалысқа шықты! Жәнібек Әлімханұлы

Боксшы бұйыртса келесі жылы үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғаның жазды.

Біздің титулды алуға көп промоутерлер мен менеджерлер мүдделі болып отыр. Әрқайсының әртүрлі жоспары бар. Сол үшін бізге бірлікпен, қырағылықпен алға жылжу керек. Бізге қателесуге болмайды! Бұл спорт басқаша спорт! Бұйыртса келер жылы үлкен шоулар күтіп тұр. Қолдауларыңызға рақмет, ағайын! Жәнібек Әлімханұлы

2022 жылдың 13 қарашасында Лас-Вегаста қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензел Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионы атағын қорғап қалды. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Әлімханұлы үшін бұл профессионал жекпе-жектегі 13-ші жеңіс.

Әлімханұлы Бентлимен жекпе-жектен кейін мексикалық Хайме Мунгуианы жұдырықтасуға шақырды.

17 қарашада Жәнібек Әлімханұлына 13 желтоқсанға дейін жекпе-жекке шығуға ресми тыйым салынғаны, ал Дензел Бентлидің 28 желтоқсанға дейін шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды. Жекпе-жектен кейін боксшыларға шектеулерді Невада штатының атлетикалық комиссиясы енгізді. Бұл шара медициналық сипатта және жауынгерлердің дұрыс қалпына келуіне қызмет етеді. Қазақстандық үшін британдықпен қарсыласу ерікті сипатта болған бірінші титулды қорғау болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: