Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумды екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 09:30 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британдық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз мансабында жеңіліп көрмеген боксшылар Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) Resorts World Las Vegas ойын-сауық кешенінің аренасында қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық ағылшынды тықсыра қуып, бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірді.

Жәнібек шешуші соққыны екінші раундта жасап, Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберді.

Қазақстан боксшысы осылайша WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ал британдыққа кәсіби деңгейдегі мансабындағы алғашқы жеңілісін қабыл алуға тура келді.

Дигнумды сұлатып салған қазақ екі әлем чемпионы – Чарло Джермелл мен Деметриус Андраданы рингте күтетінін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: