Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегі: Қоңқабаев қарсыласын нокаутқа түсірді

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 22:46 Сурет: Instagramkamshybek_kunkabayev
WBA GOLD нұсқасы бойынша әлем чемпионы Қамшыбек Қоңқабаев (5-0) өзбекстандық қарсыласы Фаррух Джураевты(6-5-1) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінің ауыр салмақтағы басты жекпе-жегі он раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол екінші раундта-ақ түгесілді.

Қоңқабаев бірнеше рет соққы жасап, төрешісі жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Қоңқабаев профиде бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold нұсқасы бойынша крузервейтте чемпион болып табылады, алайда оның Джураевпен жекпе-жегі титулды жекпе-жекке жатпайды. Оның оңтүстік африкалық қарсыласы Джонни Мюллердің (23-9-2, 14 КО) жарақат алып, жарыс шебінен шығып қалғанынан кейін осылай болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: