Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин Муратамен жекпе-жек алдындағы жаттығудан фото жариялады

 Геннадий Сурет: Instagram/gggboxing
Бокстан IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы – Геннадий Головкин жаттығуда түскен фотосын жариялады. Оған жанкүйерлер ғана реакция білдіріп жатқан жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 сәуірде GGG тағы бір титулды қорғайды. Оның қарсыласы WBA Super белбеуінің иегері жапондық Рио Мурата (16-2, 13 КО) болады. Жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласындағы Saitama Super Arena стадионында өтеді.

Қазір Геннадий Калифорнияда оқу-жаттығу лагерінде.

Геннадий Головкин жаңа фотосын жариялап, өзінің тамаша физикалық пішінде екенін және тек Муратамен жекпе-жекке ғана емес, мексикалық әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен 17 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке де дайын екенін көрсетті.

Головкиннің фотосын жанкүйерлер жоғары бағалады. Олар қазақстандыққа сәттілік пен жеңіс тілеп жатыр.

Ресейлік боксшы Мұрат Гассиев пен түрік кикбоксшысы Тайфун Озджан GGG спорттық формасы туралы пікір білдірді. Сонымен қатар орта салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жерлесіне сәттілік тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: