Промоутер Эдди Хирн Головкин мен Альварес арасында өтетін жекпе-жек туралы айтты
![Альварес, Головкин, бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2022 16:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-563da15f-6467-483c-b8e6-29c75dc63a7e/800x666.webp)
Британдық промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еске салсақ, Канело – GGG трилогиясы осы жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланып отыр. Бірақ оған дейін Альварес ресейлік Дмитрий Биволды, ал Головкин жапондық Риота Муратаны жеңуі керек.
Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирннің айтуынша, үшінші жекпе-жекке дайындық керемет болады.
Головкин – Канело трилогиясына дайындық керемет болады. Олар бір бірін жақтырмайды. Екеуі де бұл жекпе-жекке тамаша дайындықпен шығады деп үміттенемін.Эдди Хирн
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript