Головкиннің промоутері Канелоға жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасады
ESPN платформасының инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, Альварес 2022 жылға бірнеше ұсыныс алған. Атап айтқанда, Эл Хэймон мен PBC франшизасы «Канеломен» бір жекпе-жекке келісімшартты ұзартты. Сол келісімге сәйкес мексикалық боксшы 7 мамыр күні WBC орта дивизионындағы әлем чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жұдырықтасады.
Бұдан бөлек Эдди Херннен (Matchroom Boxing) түсті. Ұсынылған мәмілеге сәйкес, «Канело» жартылай ауыр салмақта титулы бар ресейлік Дмитрием Биволмен жекпе-жек өткізеді-мыс. Ал екінші кездесу – көптен күткен Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші айқас. Қыркүйек айында қос боксшы екінші орта салмақ лимитінде жұдырықтасуы мүмкін. GGG-мен кездесу «Канело» үшін қолда бар қаржылық жағынан ең тиімді ұсыныс екені анық деп отыр инсайдер.