Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын қорғады

Жәнібек Әлімханұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2023 09:42 Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly/
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық боксшы Стивен Батлермен (32-4-1, 26 КО) жекпе-жегінде әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек Стоктон қаласында (АҚШ) өтіп, бокс кешінің басты оқиғасына айналды. Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.


Жәнібек Әлімханұлы екінші рет титулын қорғап отыр, бірінші рет былтыр қараша айында британиялық Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) төрешілердің шешімімен жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: