Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік орта салмақтағы боксшылары тізімінен шығарылды

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік орта салмақтағы боксшылары тізімінен шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 13:46 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты соңғы допинг жанжалы жаңа кезеңге өтті. Спортшы орта салмақтағы әлемнің үздік кәсіпқой боксшылары рейтингінен алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беделді The Ring журналы жаңартқан рейтингке сәйкес, "Қазақ стилі" лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы (Middleweight) үздік боксшылар классификациясында мүлде жоқ.

Бұған басты себеп – допинг дауы және кубалық боксшы Эрисланди Ларамен өтуі тиіс жекпе-жектің бұзылуы.

Айта кетсек, 2 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан мельдоний препараты анықталғаны белгілі болды. Осы жағдай оның тарихи жекпе-жегінің кейінге қалдырылуына себеп болды. Оқиғаға қатысты спортшының өзі де мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: