"Месси де гол соқты". "Интер Майами" өз алаңында "Нью-Йорк Ред Буллзды" 4-1 есебімен жеңді

Месси, гол, Интер Майами, Нью-Йорк Ред Буллз, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2025 09:56 Сурет: Instagram/intermiamifc
4 мамырда таңертең өткен MLS матчы аясында кездескен "Интер Майами" өз алаңында "Нью-Йорк Ред Буллзды" 4-1 есебімен жеңді. Қақпаға соғылған голдардың бірінің авторы флоридалық клуб капитаны Лионель Месси болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін аргентиналық шабуылдаушы гол соқпай төрт матч өткізген болатын. Ал бұл сәттте "Интер Майами" көшбасшысы ағымдағы маусымда өткізген 14 ойын барысында 11 ұпай (9+2) жинап үлгерді.

Бұл ойында Мессиден бөлек Луис Суарес, сондай-ақ Фафа Пико мен Марсело Вейгандт та ерекшелене білді. Қонақтар тарапынан жалғыз голды Мұхаммед Софо соқты.

 MLS чемпионатының 10-турынан кейін "Интер Майами" 21 ұпай жинап, кестеде төртінші болып тұр.  

Бұған дейін "Қайраттың" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалында кімдермен кездесетіні белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: