"Менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!". Жәнібек Әлімханұлы жастарға үндеу тастады

Жәнібек Әлімханұлы, жастар, үндеу, Лара, АҚШ, Эрисланди Лара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 17:19 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 7 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) Эрисланди Ларамен болатын айқас алдында жастарға үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, аталған жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA қатар бәске тігіледі. Әлімханұлына WBO және IBF, ал Лараға WBA белбеуі тиесілі. Осындай тартысты жекпе-жек алдында Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялады:

"Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!", деп жазды ол.

Қазақстандық каратэші Мысырдағы жарыста "тыйым салынған тәсілге" байланысты жеңіске жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: