Қазақстандық каратэші Мысырдағы жарыста "тыйым салынған тәсілмен" жеңіске жетті
Сурет: Instagram/amiralididar
Қазақстандық каратэші қарсыласының жарысқа қатысу құқығынан айырылуының арқасында Мысырда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық Дидар Әмірәлі 67 кг салмақ дәрежесінде Мысыр астанасында өткен әлем чемпионатында чилилік Фрейре Фуэнтеспен қола медаль үшін кездескен.
Жекпе-жек өте қысқа болды. Алғашқы секундтарда-ақ Чили спортшысы тыйым салынған әдіс қолданғаннан кейін Дидар күрт құлап түсті. Оны бірнеше минут бойы дәрігерлер есіне келтірді.
Кейін белгілі болғандай, Фуэнтес тыйым салынған соққы жасағаны үшін төрешілер тарапынан бірден дисквалификацияланған.
Осылайша, Дидар жекпе-жектің жеңімпазы деп танылып, әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.
Бұған дейін қазақстандық бойжеткеннің конькимен жүгіруден Әлем Кубогында ерекше өнер көрсетіп, екі мәрте тұғырдан көрінгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript