Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды
Доминикан Республикасының Хуан-Долио қаласында жағажай самбосынан III әлем чемпионаты аяқталды. Алғашқы жарыс күні палуандар құмда белдесіп, 8 салмақтағы үздіктерді анықтады.
Жүлде алғандар қатарында Ұлттық құрама спортшылары да бар.
58 келі
1. Дамир Шамсутдинов (ФИАС 1);
2. Әліби Тоқтарбай (Қазақстан);
3. Габриэль Стефанита Рима (Румыния);.
3. Давид Овсепян (Армения).
71 келі
1. Шамиль Тюряев (ФИАС 1);
2. Матан Иглицки (Израиль);
3. Иван Лопоухански (АҚШ);
3. Самат Сағатбеков (Қазақстан).
88 келі
1. Антон Суровцев (ФИАС 1);
2. Болат Сапар (Қазақстан);
3. Дмитрий Вильтовский (АҚШ);
3. Эдуард Гарсия (Венесуэла).
+88 келі
1. Элли Нейт (Румыния);
2. -;
3. Артур Хапцев (ФИАС 1);
3. Ермұхан Естай (Қазақстан).
Әйелдер, 50 кг
1. Оксана Кобелева (ФИАС 1);
2. Маргарита Бажаева (Қазақстан);
3. Кристина Бланару (Румыния);
3. Луизайна Кампос (Испания).
Чемпионаттың 2-күні командалық сында Қазақстан құрамасы финалға жетіп, Румыния самбошыларына жол берді. Қола медальді Коста-Рика құрамасы иеленді.