Ернұр Мырзахмет ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Ернұр Мырзахмет қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142+162) келіні еңсерді. Осылайша ол қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Мохамед Абдельради (Мысыр) иеленді - 318 (143+175) келі. Екінші орынға Абдулрауф Халифа (Ливия) жайғасты - 305 (137+168) келі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript