Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зілтемірші 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Чуркин 368 (164+204) келіні көтеріп, үшінші орынды иеленді.
Ри Чон Чон (Солтүстік Корея) жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды – 371 (166+205) келі.
Ал Мұхаммедқодир Тоштемиров 355 (165+190) келіні еңсеріп, қола жүлдені жеңіп алды.
Бұл салмақта қазақстандық Александр Уваров та өнер көрсетті. Ол бесінші орын алды – 351 (160+191) келі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript