Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 15 медаль ұтып алды

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты, қазақстандық палуандар, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 15:14 Сурет: Instagram/committee_sport
Есту қабілеті зақымданған спортышлар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 алтын және 2 қола медельді жеңіп алды. Ал жастар арасында спортшыларымыз 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді еншілеп, командалық есепте 1 орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, ересектер арасында Асан Нұржан (82 кг) бірінші орынға, Орманов Абылайхан (63 кг) мен Шонку Хайратхаан (130 кг) үшінші орынға ие болды.

Жастар арасында: Самарин Андрей (67 кг) мен Әбдрәсіл Рамазан (97 кг) алтын медаль, Бабашов Сұлтан (63 кг) мен Прогудин Денис (72 кг) күміс медаль, Мырзаев Азамат (77 кг) пен Тілеумбет Мухаметали (82 кг) қола медаль иеленді.

Байрақты бәсекенің алғашқы күндері кадеттер арасында белдесулер өтіп, ел құрамасы 3 "алтын", 2 "күміс" және 1 "қола" медальмен командалық есепте 1-ші орынды иеленген болатын.

Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты. 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: