Арсен Жұма грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Сурет: United world wrestling
Қазақстандық Арсен Жұма грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балуан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жұма Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript