Балуан Диас Сейітқалиев U20 санатындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Диас Сейітқалиев, U20 санатындағы әлем чемпионаты, грек-рим күресі, күміс медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 22:58 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Бұған дейін қазақстандық мергендер Азия чемпионатында күміс жүлде еншілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: