Бекасыл Асамбек күрестен U20 әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Бекасыл Асамбек күрестен U20 әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2026 18:27 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: