Тоқаев Әлімханұлын WBO және IBF чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады

Тоқаев Әлімханұлын WBO және IBF чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 09:20 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссингені (14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: