Жаңалықтар тізбегі
0

Президент боксшы Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 16:47 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыстар тілеймін, – деп жазылған мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бокстан WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атанды.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлыорта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанын ресми түрде хабарлады.

Бұл жаңалығын спортшының өзі де Instagram парақшасында жариялады. Толыққанды чемпион Деметриус Андраде Жәнібекпен кездесуден бас тартып, басқа дивизионға ауысуына байланысты, толыққанды чемпион атағына Жәнібек автоматты түрде қол жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: