Көп арудың арманы - екі дүркін Олимпиада чемпионы үйлене салып, ажырасып кетті

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Юзуру Ханю некелескеніне бірнеше ай болғанда жұбайымен ажырасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ханюдың заңды некеге тұрғаны туралы 2023 жылдың тамызында белгілі болды.

Әлеуметтік желіде Ханю үйлену тойынан кейін жұбайы БАҚ өкілдері тарапынан қысымға ұшырағанын жеткізді. Қорқытып, қудалап, тіпті оған шабуылдаған кездер де болыпты, деп жазады Championat.

"Мен қарапайым қызға үйлендім. Біз бір-бірімізді құрметтеп өтеміз деген ниетте өзара келісе отырып некемізді қидық. Бірге тұрып, қиындықтарды бірге еңсеріп, әр мәселені бірге талқыладық. Осы уақыт аралығында, тіпті үйден шыға алмай қалған жағдайда да ол мені қолдап, қорғады. Соңғы кездері сұқбат алу мақсатында түрлі БАҚ тарапынан оған және оның туыстарына, онымен байланысты адамдарға жала жабылып, қудалауға ұшыраған. Кейде үйіміздің алдында күмәнді көліктер тұрады, тіпті әлдекімдердің тұтқиылдаған шабуылдаған кездері де болды. Мұндай жағдайларда екеуміз де қорғанып, бір-бірімізге қолдау бола білдік. Алайда әлі де пісіп-жетілмегендігімнен шығар, мен мұндайдан шаршап кеттім. Өзімнен бұрын өзгелер үшін үнемі алаңдап, дегбірдің қашуы оңай емес екен. Бұл жағдайлардың алда да қайталана беретінін ескере отырып, ажырасу туралы шешім қабылдадым. Мен құрбымның ешқандай шектеусіз бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын. Сондықтан, шын жүректен, сіздерден ол адамның, онымен байланысты адамдардың мазасын алмауды, нақақтан нақақ күйдірмеуді сұраймын", — дейді Ханю желіге жүктеген видеода.

Ханю өзінің мансабын 2022 жылдың шілдесінде аяқтайтынын жария етті. Өз мансабы барысында ол олимпиададан бөлек, екі рет әлем чемпионы атанса, үш рет әлем чемпионатында күміс және екі рет қола медальға ие болған.

Жапонның бейресми ақпарат көздерінде Ханюдың өзінен 8 жас үлкен, кәсіби скрипка шебері Маюко Суэнобумен бас қосқаны туралы ақпарат бар. 

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: