Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды

Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2026 10:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда Қазақстан құрамасының өкілі қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Қысқа бағдарламада Самоделкина 69,45 ұпай алса, еркін бағдарламада 134,91 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық спортшы жарыстың алғашқы күнінен кейін иеленген үшінші орнын сақтап қалды.

Турнир жеңімпазы бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова болды. Ол екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 226,01 ұпай жинады. Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким иеленді. Оның еншісінде 209,20 ұпай бар.

Қазақстан атынан жарысқа Нұрия Сүлеймен (122,40 ұпай, 14-орын), Алика Халимова (120,56 ұпай, 15-орын), Амира Ирматова (117 ұпай, 16-орын), Зере Сарбалдина (108,73 ұпай, 18-орын) және Амина Алексеева (98,20 ұпай, 19-орын) да қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: