Тағы үш отандасымыз Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты

Сурет: ktf.kz
Лондонда теннистен Ашық чемпионаттың іріктеу кезеңі басталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денис Евсеев француз теннисшісі Маттео Мартиноны  6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Екінші айналымда Денис тағы бір француз теннисшісі Титуан Дрогемен (133 АТР) өзара бақ сынасатын болады.

Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты қапы қалдырды. Есеп – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). Бейбіт енді алда серб теннисшісі Хамад Медьедовичпен (127 АТР) финалға жолдаманы өзара сарапқа салады.

Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны жеңді. Есеп – 6:3, 6:3. Екінші айналымда Тимофей словакиялық Лукаш Клейнмен (129 АТР) кездесетін болады.

Бұған дейін Михаил Кукушкиннің Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастағаны хабарланған. 

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме