Михаил Кукушкин Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады

 Михаил Кукушкин, Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңі , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 19:11 Сурет: АТР
Теннистен Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңі басталды. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (132 АТР) алғашқы іріктеу матчын сәтті өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы кездесуде Михаил Кукушкин украиналық теннисші Виталий Сачконы (278 АТР) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Іріктеудің екінші кезеңінде Кукушкин француз теннисшісі Бенджамин Бонзимен (152 ATR) кездеседі.

Сондай-ақ, уимблдонның басты кезеңіне өту үшін біздің тағы үш теннисшіміз бақ  сынайды: Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев және Тимофей Скатов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: