Тарихи жеңіс! Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Сурет: olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұлов Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 97.11 ұпай жинап, үшінші аралық нәтижемен финалдық алтылыққа өтті. Дәл осындай ұпайды іріктеу кезеңінде канадалық Эллиот Бюрегар да жинаған болатын. Ал іріктеуден кейінгі көшбасшы Қытай спортшысы Юйхэн Ян болды – 101.79 ұпай.

Финалдық орындауында Дінмұхаммед 104.52 ұпай жинап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Екінші орынды Қытайлық Юйхэн Ян (101.79), ал қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82) иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен алғаш рет алтын медальға ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін