Бокстан Әлем чемпионатында бүгін неше отандасымыз шаршы алаңға шығады

Сурет: pixabay
6 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Астана уақыты бойынша 15:00-де 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан ересектер арасында алғаш рет әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Оның бірінші қарсыласы Ислам Ячи (Алжир) болмақ.

Кешкі сағат 22:00-де Виктория Графеева (60 келіге дейін) косоволық Донета Садикумен өзара мықтыны анықтайды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Надежда Рябец Қытай өкілі Лина Уангпен қолғап түйістіреді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексеннің алғашқы қарсыласы Джунмилардо Огаири (Филиппин) болмақ.

Бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды