Бокстан ӘЧ-2025: Сағындық Тоғамбай ширек финалға жолдама алды

Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Сағындық бұл кезеңде Джек Марлимен (Ирландия) өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан нидерландтық қарсыласынан басым түскенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті