Бокстан ӘЧ-2025: Төрехан Сабырхан нидерландтық қарсыласынан басым түсті

Төрехан Сабырхан, бокс, Ұлыбритания, ширек финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 18:21 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрехан 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Роберт Боспен (Нидерланд) қолғап түйістірді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Отандасымыз үшін бұл жекпе-жек оңай болған жоқ. Бірінші раундта нидерландтық боксшы басым түсті. Дегенмен Төрехан Сабырхан екінші раундта тізгінді қолына алды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жерлесіміз жеңіске жетті.

Айта кетсек, Гүлсая Ержанның да бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өткені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: