Ислам Махачевтың UFC-дегі жеңісі: Шавкат Рахмонов үндеу жасады

Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94
UFC-де жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпиондық атаққа ие болған Ислам Махачевке қаратып, үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Исламды жоғары деңгейдегі өнерімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунт салмақ дәрежесіндегі ешкімге дес бермейтін басты қатер мен екенімді ұмытпаңдар",  деп жазды Рахмонов өзінің X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Сондай-ақ Шавкат Рахмонов өнер көрсететін DAR Team ұйымының баспасөз қызметі қазақстандық файтердің Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу ықтималдығына қатысты мәлімдеме жасады.

"Барлығы осыған қарай сайып келе жатқан сияқты ғой, солай ма?", делінген команданың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған жазбада.

Айта кетсек,  Махачев  Делла Маддаленаны төрешілердің ортақ (50:45) шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды.  2025 жылы мамыр айында Маддалена Шавкат Рахмоновты шаршы алаңға шақырған болатын.

Рахмонов Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады