Маддалена Шавкат Рахмоновты шаршы алаңға шақырды

UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы австралиялық Джек Делла Маддалена жауырыны жер иіскемеген қазақстандық Шавкат Рахмоновты жеңетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Шавкатқа мансабындағы алғашқы жеңілісті уәде етті.
"Мен әрқашан Шавкатты құрметтедім. Мен оны жеңе алатыныма сенімдімін, біз жақсы жекпе-жек өткіземіз. Менің ойымша, рейтингтегі басқа жігіттер үміткер атағы үшін күресуі керек, Гэрри мен Брэди де", – деді Делла Маддалена The Ariel Helwani Show – YouTube арнасына берген сұхбатында.
Монреальдағы (Канада) UFC 315 турнирінде Джек Делла Маддалена төрешілердің бірауыздан шешімімен Белал Мұхаммедті жеңіп, жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион болды.
Бұған дейін Путинцеваның Италиядағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайтындығын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript