Ислам Махачев жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанды

Ислам Махачев, жартылай орта салмақ, UFC, чемпион , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 12:06 Сурет: UFC Eurasia
Ресейлік файтер Ислам Махачев Нью-Йорктегі UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ислам Махачев қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз деп танылды.

34 жастағы балуанның бұл жеңісі UFC мансабындағы 28-ші болды, оның еншісінде тек бір жеңіліс бар. 

Биыл ол жеңілден орта дивизионға ауысып, екі салмақ дәрежесінде де чемпиондық белбеуді жеңіп алған алғашқы ресейлік атанды.

Ал 18 жеңіске ие Делла Маддалена үшінші жеңілісін тіркеді. Бүгінгі жекпе-жекке дейін 2016 жылдан бері ол жеңіліс тауып көрмеген.

Бұған дейін UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың спорттан кету себебін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: