Танымал теннисші Қазақстанның намысын Ұлыбританияда қорғайды

Сурет: Instagram/kukushkin_mikhail
38 жастағы қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ұлыбританияның Глазго қаласында өтетін "Челленджер" категориясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz ақпаратынша, ширек финалда Кукушкин Германия өкілі Том Генчаны 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, айқын басымдық көрсетті.

Матч 1 сағат 26 минутке созылды. Бұған дейін теннисшілер бір-бірімен кездескен емес еді.

Келесі кезеңде қазақстандық спортшы Чехия өкілі Гинек Бартон мен Ұлыбритания өкілі Йоханнус Мандей арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Глазгодағы "Челленджер" турнирінің жүлде қоры 56 700 евро құрайды. Жарыс жеңімпазы 8 550 евро ақша жүлдесімен қатар 50 рейтинг ұпайын алады.

Бұған дейін қазақстандық боксшының өзбекстандық олимпиада чемпионына не себепті жол бергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлыбритания
Кукушкин Михаил

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды