Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медаль салды, делінген ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Отандастарымыз "трап" бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар "трап" дисциплинасында қазақстандық мергендер жекелей сында да табысты өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама "скит" түрінен екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.

Бұған дейін Юлия Путинцева AusOpen-2026 турнирінде Эльза Жакмоны тас-талқан еткені хабарланған.

Қазақстан
Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы