Юлия Путинцева AusOpen-2026 турнирінде Эльза Жакмоны тас-талқан етті

Юлия Путинцева AusOpen-2026 турнирінде Эльза Жакмоны тас-талқан етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 10:12 Сурет: Instagram/yulia_putintseva
21 қаңтар күні Мельбурн корттарында Австралияның ашық чемпионатының төртінші ойын күні басталды. Бұл күні де қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының екінші нөмірі франциялық Эльза Жакмомен (WTA рейтингісінде 60-орын) кортқа шықты. Айта кетейік, Жакмо турнирдің алғашқы айналымында сенсация жасап, украиналық Марта Костюкты жарыстан шығарған болатын.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ Юлия Путинцева ойын тізгінін өз қолына алып, айқын басымдық танытты. Бұл оның сенімді әрі ширақ ойынынан анық байқалды.

Нәтижесінде қазақстандық теннисші 1 сағат 14 минуттың ішінде қарсыласын екі сетте – 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетерлігі, Путинцева да турнирдің алғашқы кезеңінде сенсация жасап, өткен жылғы Австралия ашық чемпионатының жартылай финалисі, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны жеңген еді.

Келесі айналымда Юлияны тағы бір күтпеген жаңалықтың авторы - әлемнің 112-ракеткасы, түркиялық Зейнеп Сонмез күтіп тұр. Ол да Мельбурн корттарында ерекше ойын көрсетіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: