Путинцева "Ролан Гаррос-2026" турнирінде аустралиялық қарсыласынан басым түсті
Сурет: j48tennis
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Францияның ашық чемпионатындағы жарысын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның екінші, әлемнің 76-ракеткасы Путинцева "Ролан Гаррос-2026" турнирінің бірінші айналымында WTA рейтингінде 58-орында тұрған аустралиялық Талия Гибсонпен кездесті.
Матч екі сағат 20 минутқа созылып, қазақстандық теннисшінің камбэкпен жеңіс жетті — 4:6, 6:4, 6:1.
Осылайша, Путинцева турнирдің екінші айналымына шықты. Енді Юлияның келесі қарсыласы колумбиялық Мария Осорио мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Айта кетейік, "Ролан Гаррос-2026" турнирінің жалпы жүлде қоры – 61 млн 723 мың еуро. Жекелей сындағы турнир жеңімпазы 2 млн 800 мың еуро мен WTA рейтингінің 2 000 ұпайына ие болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript