Астанадан ұшып шықпақ болған "Брюгге" футболшылары тосын жағдайға тап болды

Сурет: freepik
Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары аясында Астанада Қайрат командасымен болған матчтан кейін еліне кері оралмақ болған бельгиялық "Брюгге" футбол клубының мүшелері тосын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбіден бері Астанада клуб ұшағының аязда тұрып қалуына байланысты техникалық ақаулар туындаған. Ұшақтың қозғалтқышының қатып қалғаны белгілі болғанда "Брюгге" футболшылары мен бапкерлер құрамы ұшақта болған, деп жазады Sports.kz.

Ұшу уақыты бес жарым сағатқа кешіккен, яғни қонақ спортшылар мінген ұшақ Астанадан түнгі 2-00-дің орнына таңғы 7-30-да әуеге көтерілген.

Бельгияға дейінгі ұшудың өзі сегіз сағатқа жуық уақытты алады. Жалпы алғанда, бельгиялық клубтың жолға жұмсаған уақыты 13 сағаттан асып кеткен. Ал осы сенбіде "Брюггені" Белгия чемпионаты аясындағы матч күтіп тұрған. Сондықтан аталған жағдай футболшылардың жай-күйіне кері әсер етуі ықтимал.

Айта кетсек, 20 қаңтарда Астанада өткен матч кезінде "Брюгге" "Қайратты" 4:1 есебімен ойысата жеңді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды