Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із кесу жарысының ширек финалы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.

Спортшыларымыз алғашқы жұпта жарыс жолына шықты. Алайда қашықтық барысында құлап, мәреге жете алмады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтап, 7–8-орындар үшін Қытай құрамасымен финал D кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалға үздік төрт құрама өтті. Канада, Жапония, Нидерланд және АҚШ құрамалары жүлдеге таласады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін