"Қайрат" көшбасшысы Қазақстанға оралып, жаңа келісімшартқа қол қойды
Сурет: instagram/f.c.kairat
8 қазанда Қазақстанның қазіргі чемпионы – алматылық "Қайрат" португалиялық шабуылшы Жоржиньомен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қайраттың" баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы футболшымен жаңа келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалды.
Осы маусымда Жоржиньо 23 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берген.
26 шілдеде португалиялық шабуылшы ҚПЛ-2026 аясында "Ордабасыға" қарсы өткен матчта ауыр жарақат алып, ұзақ уақытқа ойыннан тыс қалды.
Қазір португалиялық футболшы алматылық клубтың медициналық штабының бақылауымен оңалтудан өтіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript