UFC Ақ үйдегі турнирді ұйымдастыруға 60 млн доллар шығындамақ

Сурет: Instagram/realdonaldTRUMP
UFC президенті Дана Уайт америкалық промоушн тарихындағы ең қымбат оқиғалардың бірі болып табылатын, 14 маусымда Ақ үйде өтетін жоспарлы турнирге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

MMA Fighting мәліметтері бойынша, UFC президент Дональд Трамптың Американың 250 жылдығын тойлау аясында өтетін осы бірегей оқиғаны ұйымдастыруға шамамен 60 миллион доллар шығын шығарады.

Егер промоушеннің алдында өткізген турнирлерін ескеретін болсақ, онда Лас-Вегаста Sphere аренасында өткен UFC 306 оқиғасы ең қымбат болып саналады және оған 20 миллион доллардан астам қаражат шыққан.

Алдағы Ақ үйдегі шоу үшін UFC оңтүстік көгалда трибуналар мен көрермендерге арналған орындықтарды да қамтитын октагон салатын болады. Жекпе+жек шеберлері президенттің Сопақша кеңсесінен шығады деп жоспарланады.

Әрбір көрермен қауіпсіздік тексеруінен мұқият өтеді. Ақ үйдің жанындағы Ұлттық аллея орталығында UFC жекпе-жекті тамашалау үшін үлкен экрандар орнатпақ. Ол арада 60 000-нан астам жанкүйер бола алады.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, салмақ өлшеу рәсімі Линкольн мемориалында өтеді, онда матч алдындағы баспасөз мәслихаты да өтуі мүмкін.

Қазіргі уақытта промоушен болашақ іс-шараға қатысатын үміткерлерді таңдауда, көрермендер шамамен алты-жеті жекпе-жекті тамашалай алады.

Айта кетсек, 22 ақпанда қазақстандық файтер Алиби Ыдырыс Хьюстондағы UFC Fight Night 267 турнирінде бірауыздан төрешілер шешімімен Ода Осборнды (Ямайка) жеңіп, Америка лигасында сәтті дебют жасады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды