"Бернли" сапындағы Сәтбаевқа қатысты өз командасының мүшесі пікір білдірді
Сурет: Instagram/d.satpayev
"Бернли" ағылшын клубының жапондық жартылай қорғаушысы Рэо Хататэ команда мүшесі Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ASnews.kz мәліметінше, Чемпионшиптің 9-турында "Бернли" сырт алаңда "Уотфордты" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Хататэ 25-минутта гол соқса, ал алған жарақатынан кейін қатарға қайта қосылған Сәтбаев 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына алаңға шықты.
"Ол – жақсы ойыншы. Жылдамдығы мен допты алып жүру техникасы керемет. Дастан әлі жас, сондықтан оның болашағы зор деп санаймын. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы", – деді Хататэ.
"Бернлидің" келесі матчы 13 қазанда өз алаңында "Чарльтон Атлетикке" қарсы өтеді. Кездесу қазақстандық уақыт бойынша 23:45-те басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript