"Бернли" Дастан Сәтбаевтың тарихи дебютіне қатысты пікір білдірді

"Бернли" Дастан Сәтбаевтың тарихи дебютіне қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 21:16 Сурет: instagram/burnleyofficial
Англияның "Бернли" клубы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың дебютінен кейін мәлімдеме жасады. Клуб футболшының тарихи жетістігін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың баспасөз қызметі де жедел үн қатып, әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Дастан Сәтбаев — "Бернли" сапында ойнаған алғашқы қазақстандық футболшы", – деп атап өтті ағылшын клубы.

14 тамызда Сәтбаев лондондық "Челсиден" "Бернлиге" бір маусымға жалға берілді. Келісімде футболшыны сатып алу құқығы қарастырылмаған.

Ал 23 тамызда қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Чемпионшиптің екінші турында алаңға екінші таймда қосалқы құрамнан шықты. "Вест Бромвич Альбион" өз алаңында "Бернлиді" 3:1 есебімен жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: