Дастан Сатпаевтың "Бернлиде" қарсыласы пайда болды
Сурет: Instagram/d.satpayev
Sportarena.kz спорттық басылымының мәліметінше, қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев "Бернлидегі" негізгі құрамдағы орын үшін елеулі бәсекелеске ие болды.
Ағылшын клубы тәжірибелі шабуылшы Джейми Вардиды командаға алғанын ресми түрде жариялады. Ол 2026/27 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырды.
39 жастағы ағылшын футболшысы өткен маусымды Италияның "Кремонезе" клубында өткізгеннен кейін "Бернлиге" қосылды.
Варди өз буынындағы ең танымал шабуылшылардың бірі саналады. Оның тәжірибесі жаңа маусымды сәтсіз бастаған "Бернлиге" көмектесуі мүмкін. "Бернли" бас бапкері Ники Хайен жаңа ойыншының кәсіби қасиеттерін жоғары бағалады.
18 жастағы Сәтпаев үшін мұндай атақты шабуылшының келуі негізгі құрамдағы орын үшін бәсекені күшейтеді. Сонымен қатар, бұл оған соңғы жылдардағы ағылшын футболының үздік шабуылшыларының бірінен тәжірибе үйренуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Дастан Сатпаевтың Чемпионшипте "Мидлсброға" қарсы матчтың үздік ойыншысы атанғаны туралы жазған болатынбыз.