Ресми түрде: Дастан Сәтпаев "Челсидегі" мансабын жалғастырады

Ресми түрде: Дастан Сәтпаев "Челсидегі" мансабын жалғастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 16:31 Сурет: Instagram/f.c.kairat
10 ақпанда алматылық "Қайрат" футбол клубы мен лондондық "Челси" 16 жасар қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың трансфері туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметінің ақпаратынша, Сәтпаев 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады.

Ол уақытқа дейін ол "Қайрат" сапында өнер көрсетеді.

Алматының тумасы сегіз жасында "Қайрат" Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өткен.

Оның жетістіктері:

  • QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас
  • QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы
  • Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан
  • УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас

Ол 2024 жылғы мамырда 15 жасында негізгі командада дебют жасап, "Қайрат" тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Бұған дейін шаңғышы Олжас Климиннің ел қоржынына тоғызыншы медальді салғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: