Шаңғышы Олжас Климин ел қоржынына тоғызыншы медальді салды

Шаңғышы Олжас Климин ел қоржынына тоғызыншы медальді салды , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 09:22 Сурет: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК
Шаңғышы Олжас Климин Азия ойындарының 10 ақпанындағы жарыс күнінде Қазақстанның қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, спортшы шаңғы жарысынан 10 шақырымдық еркін стильде өткен сайысында қола жүлдеге ие болды. Додада 46 спортшы бақ сынасты.

Алтынды жапондық Харуки Ямашита иеленсе, күмісті оның жерлесі Такацугу Уда жеңіп алды.

Бұған дейін еліміздің Харбиндегі фристайл-акробатикадан күміс жүлде жеңіп алғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: