Қазақстан Харбиндегі фристайл-акробатикадан күміс алды

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 09:13 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
10 ақпанда Азия ойындарында фристайл- акробатикадан аралас командалық эстафетада Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, біздің спортшылар тамаша техника мен үйлесімді командалық жұмысты көрсетіп, жарыс чемпионы атанған Қытай құрамасынан ғана ұтылды.

Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.

Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: