Қазақстан шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль үшін күреседі

Қазақстан шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль үшін күреседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 11:45 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.

Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады.

Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.

Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: