Қазақстан құрамасы керлингтен Азия ойындарында аралас жұптар жарысындағы өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстың соңғы матчын өткізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 17:47 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстың соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында қазақстандық керлингшілер Филиппин құрамасымен кездесті. Келесі кезеңге өту үшін тек жеңіс қажет болды.

Алайда, Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Надирбаев 2:11 есебімен қарсыластарына есе жіберді.

Осылайша, олар B тобында төртінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне өте алмады. Еске сала кетейік, келесі кезеңге тек үздік үш команда жолдама алды. Бірінші орынды иеленген Қытай құрамасы тікелей жартылай финалға өтті, ал екінші және үшінші орын алған Филиппин мен Оңтүстік Корея командалары А тобының үздіктерімен 1/2 финалға шығу үшін бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: